Спорт

Жаңартылған футбол алаңы пайдалануға берілді

Баспасөз конференциясы

Орталық стадионда жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңартылған футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық стадионда өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Іс-шараға «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев, «Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры Юрий Логвиненко, Olimpbet компаниясының сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Андрей Жарков қатысып, жаңалықтарымен бөлісті.

Жөндеу жұмыстарына Olimpbet букмекерлік компаниясы демеушілік көрсетіп, футбол алаңының талапқа сай жабдықталуына мүмкіндік жасады. Демеушілердің қолдауымен орындықтар қалпына келтіріліп, киім ауыстыратын және санитарлық бөлмелерге, медициналық кабинеттерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

— Жаңартылған алаң жыл бойы футбол матчтарын өткізуге жарамды. Бұл қаламызға және футбол жанкүйерлеріне жасалған үлкен сый болды. Енді өңірімізде әлемдік деңгейдегі футбол жарыстарын өткізе аламыз. Көгалдандыру жұмыстары УЕФА талаптарына сай жасалды. Olimpbet  компаниясымен арада жасалған келісімшартқа сәйкес жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды. Бұл алаңдағы көгалдың сапалы болуын сарапшы Виктор Яроменконың өзі тікелей қадағалады. Ол — Еуропа чемпионаттарының, УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңдерінің матчтарына футбол алаңдарын дайындау жобаларымен айналысқан білікті мамандардың бірі. Ақтөбе стадионының көгалы сапасы жағынан жақсы деп нық сеніммен айта аламын, — дейді Ерлан Жамантаев.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз хатшысы Әсет Жомарттың айтуынша, ойыншылар 3 маусымда қарағандылық «Шахтермен» өтетін ойынға сақадай сай. — Демеушілердің қолдауымен жөнделген алаңда ойыншыларымыздан қарқынды ойын күтеміз. Қазіргі уақытта «Ақтөбе» футбол клубында 8 легионер бар. Жалпы мемлекеттік бюджеттен футболды дамытуға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жеткен жетістіктеріміз де баршылық. Футзалдан жерлестеріміздің жүлделі орындардан көрініп жүргені белгілі. Осы тұста футбол жанкүйерлері мен демеушілерге алғысымыз шексіз, — дейді ол.  

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button