Ресми

Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі — Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихаты 10 округтік және 85 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы23мамырдан бастап  24маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электронды және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 24маусымға дейін дүйсенбі-жұма күндері сағат9.00-18.00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Анар Нұрлыбекқызы Даржанова— Ақтөбе қалалық мәслихаттың хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50-үй.

Жауапты адам — Анар ЕрнұрқызыАлиханова, №57 кабинет, телефон нөмірі:8(7132)41-64-07

Электронды пошта мекенжайы:maslihataktobe@mail.ru

Ақтөбе қаласының сайлау комиссияларындағыбос орындар туралы мәліметтер

р/н Сайлау комиссия-сының нөмірі Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
1 2 3 4
Округтік сайлау комиссиялары — 10
1. №2 Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі, 124,

«№2 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы»

1
2. №5 Ақтөбе қаласы, Сағи Жиенбаев көшесі, 129,

«Әлкей Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
3. №9 Ақтөбе қаласы,12-шағын аудан, 37В,

«№56 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
4. №11 Ақтөбе қаласы,11-шағын аудан, 145,

«Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі»

1
5. №14 Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50,

«Қалалық Оқушылар сарайы»

2
6. №23 Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағын ауданы, 24Г, «Шығармашылық академиясы» 1
7. №26 Ақтөбе қаласы, Балауса тұрғын үй алабы, 421Б,

«№46 орта мектеп»

1
8. №28 Ақтөбе қаласы,  Ақжар-2 тұрғын үй алабы,

Қайым Мұхамедханов көшесі, 32,

«№49 жалпы білім беретін орта мектеп»

1
9. №29 Ақтөбе қаласы, Жібек жолы тұрғын үй алабы, Әбидолла Биекенов көшесі, 29,

«№61 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
Учаскелік сайлау комиссиялары — 85
1. №3 Ақтөбе қаласы, Ә.Смағұлов атындағы көшесі, 1,

«Ақтөбе технико-технологиялық колледжі»

1
2. №4 Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 102,

«Ақтөбе қаласының №31 қазақ орта мектебі»

2
3. №5 Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 102,

«Ақтөбе қаласының №31 қазақ орта мектебі»

2
4. №7 Актөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4,

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті»

1
5. №9 Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 35,

«Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы»

2
6. №10 Ақтөбе қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 12, «Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебі» 1
7. №12 Ақтөбе қаласы, Герцен көшесі, 19,

«№42 орта мектебі»

1
8. №14 Ақтөбе қаласы,Әлихан Бөкейханов атындағы көшесі, 6,

«№13 орта мектебі»

1
9. №16 Ақтөбе қаласы, Н.Гоголь көшесі, 12,

«Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі»

1
10. №17 Ақтөбе қаласы, Н.Гастелло көшесі, 51,

«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім

беретін орта мектеп»

1
11. №18 Ақтөбе қаласы, Н.Гастелло көшесі, 51,

«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім

беретін орта мектеп»

1
12. №20 Ақтөбе қаласы, Жарық тұрғын үй алабы,«Фариза Оңғарсынова атындағы

№41 мектеп-гимназия»

2
13. №28 Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 145,

«Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі»

1
14. №30 Ақтөбе қаласы, Кірпішті тұрғын үй алабы,

Кирпичный көшесі, 5,

«№18 орта мектеп»

1
15. №32 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 8А,

«№40 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
16. №37 Ақтөбе қаласы, Әбубәкір Кердері көшесі, 19,

«№36 қазақ орта мектебі»

1
17. №41 Ақтөбе қаласы, Победа даңғылы, 34,

«№16 жалпы білім беретін орта мектеп»

1
18. №42 Ақтөбе қаласы, Победа даңғылы, 31,

«Қалалық мәдениет үйі»

1
19. №43 Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 7,

«№34 орта мектебі»

1
20. №44 Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 70А,

«№30 қазақ орта мектебі»

1
21. №48 Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25В,

«Ақтөбе қаласының №28 орта мектебі»

1
22. №49 Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 75А,

«№20 орта жалпы білім беру мектеп-лицейі»

1
23. №50 Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 75А,

«№20 орта жалпы білім беру мектеп-лицейі»

1
24. №52 Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 20А, «Қоғамдық келісім» КММ 1
25. №53 Ақтөбе қаласы,  Т.Рысқұлов көшесі,  267,

«Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі»

1
26. №58 Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 154А,

«№3 орта мектеп»

1
27. №61 Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 101А,

«№19 орта мектеп»

1
28. №62 Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 100А,

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті»

1
29. №63 Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 100А,

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті»

1
30. №64 Ақтөбе қаласы, Е.Тайбеков көшесі, 10, «Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін

орта мектебі»

1
31. №68 Ақтөбе қаласы,Ағайынды Жұбановтар көшесі, 293А,

«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі»

1
32. №69 Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 291А

«Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия»

1
33. №70 Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 273Б,

«Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия»

1
34. №72 Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесі, 72/3,

«№1 орта мектеп»

1
35. №78 Ақтөбе қаласы, Көктем тұрғын үй алабы,

Бөкенбаев Малкеждар көшесі, 15,

«№50 орта мектеп»

1
36. №84 Ақтөбе қаласы, В.Пацаев көшесі, 7,

«Жедел медициналық жәрдем ауруханасы»

2
37. №86 Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, 322, «Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансері» 1
38. №87 Ақтөбе қаласы,  Есет батыр көшесі, 39А,

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының

№6655 әскери бөлімі»

1
39. №89 Ақтөбе қаласы, Павлов көшесі, 3,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің

«№70мекемесі»

2
40. №101 Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы,

Қ.Сәтпаев көшесі, 38А,

«№53 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
41. №102 Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы,

Қ.Сәтпаев көшесі, 52А,

«№1 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер

спорт мектебі»

1
42. №111 Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 98,

«№37 орта мектеп»

1
43. №117 Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы,

Родниковый көшесі, 1,

«Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі»

1
44. №118 Ақтөбе қаласы, Қурайлы тұрғын үй алабы,

Есет Батыр көшесі, 15А,

«Елек орта мектебі»

1
45. №121 Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 131Б, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» 1
46. №123 Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы,

Ленин көшесі, 25,

«Балалар шығармашылық үйі»

1
47. №124 Ақтөбеқаласы, Т.Шевченкокөшесі, №34,

«№30 «Ұрпақ» бөбекжай-балабақшасы»

1
48. №125 Ақтөбе қаласы, Нефтяников көшесі, 25,

«№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»

1
49. №522 Ақтөбе қаласы, Есет батыр шағын ауданы, 11Б,

«№50 «Алтын бесік» балабақшасы»

1
50. №523 Ақтөбе қаласы,  Ақжар-2 тұрғын үй алабы,

Қайым Мұхамедханов көшесі, 32,

«Ақтөбе қаласының №49 жалпы білім беретін орта мектебі»

2
51. №530 Ақтөбе қаласы, Қызылжар тұрғын үй алабы, 730А, «Мұқағали Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебі» 1
52. №531 Ақтөбе қаласы,  Есет батыр шағын ауданы, 12А, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 1
53. №532 Ақтөбе қаласы,  Есет батыр шағын ауданы, 12А, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 3
54. №534 Ақтөбе қаласы, Кірпішті тұрғын үй алабы,

Кирпичный көшесі, 5,

«№18 орта мектеп»

1
55. №535 Ақтөбе қаласы, Жібек жолы тұрғын үй алабы, Әбидулла Биекенов көшесі, 29,

«№61 жалпы білім беретін орта мектеп»

1
56. №536 Ақтөбе қаласы, Жібек жолы тұрғын үй алабы, Әбидулла Биекенов көшесі, 29,

«№61 жалпы білім беретін орта мектеп»

1
57. №542 Ақтөбе қаласы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 3Б,

«Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі»

2
58. №543 Ақтөбе қаласы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 3Б,

«Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі»

3
59. №548 Ақтөбе қаласы, Есет батыр шағын ауданы,

(4-шағын ауданы),

«Қызылжар орта мектебі»

1
60. №554 Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағын ауданы, 43Б,

«№52 «Құлагер» балабақшасы»

2
61. №555 Ақтөбе қаласы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 5,

«Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі»

2
62. №558 Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 261А,

«№38 қазақ орта мектебі»

1
63. №559 Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 14/8, «Ақтөбе қаласының №48 Жалпы білім беретін орта мектебі» 1
64. №562 Ақтөбе қаласы, Есет батыр шағын ауданы,

(4-шағын ауданы),

«Қызылжар орта мектебі»

2
65. №563 Ақтөбе қаласы, Есет батыр шағын ауданы, 67К,

«№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»

1
66. №564 Ақтөбе қаласы, Рауан тұрғын үй алабы, 10А,

«№74 жалпы білім беретін орта мектебі»

1
67. №565 Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесі, 7,

«Ақтөбе автожол колледжі»

2
68. №566 Ақтөбе қаласы,

Халел Досмұхамедұлы атындағы көшесі, 6В,

«Средняя общеобразовательная школа-гимназия «Білім»

1
69. №567 Ақтөбе қаласы,

Халел Досмұхамедұлы атындағы көшесі, 6В,

«Средняя общеобразовательная школа-гимназия «Білім»

1

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button