«Әдебиет.Рух. Қоғам» республикалық әдеби байқауы жарияланды!

Әдеби байқаудың құрылтайшысы:
-Ақтөбе облысының әкімдігі;
-Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Әдеби байқаудың ұйымдастырушысы:
-Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығы;
-С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы;
-Қазақстан Жазушылар одағы.
Қазылар алқасы:
Қазақстан Жазушылар одағы мен Жазушылар одағы Ақтөбе филиалы бірлесе отырып жасақтайды.
Әдеби байқаудың шарттары:
- Республикалық әдеби байқауға жас шамасына қарамастан, поэзия, проза, драматургия, әдеби көркем аударма және балладалар мен дастандар жанрында жазылған үздік шығармалардың авторлары қатыса алады.
- Байқауға 1 номинация бойынша бірнеше үміткер қатысып, ішінен бір жеңімпаз анықталады.
- Байқауға автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары ғана ұсынылады. Әдебиет саласының мамандарынан құрылған қазылар байқауға түскен шығармаларды талқылап, сараптап, жеңімпаздарды анықтайды.
- Қазылардың үштен екі дауысын жинаған шығарма ғана үздік деп қабылданады. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға ұйымдастыру өкілдері қоңырау шалып, марапаттау шарасына шақырады.
Байқаудың өткізілу мерзімі:
- Байқауға қатысу үшін өтінім 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін aktobe_kitap@mail.ru электронды поштасына жіберілуге тиіс.
- Байқау жеңімпаздары секретариат мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін анықталады.
Әдеби байқау жеңімпаздарына төмендегі номинациялар бойынша жүлделер беріледі:
Поэзия номинациясы бойынша Сағи Жиенбаев атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- «Тал бесігім — туған жер» тақырыптық өлең топтамалары;
- Шығармалар көлемі 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
- Лирикалық түйіндері мықты, шешімдері өзгеше өрнектермен өрілген өлең жолдары;
- Адамзаттық үлкен мақсаттар мен мұраттарды сюжеттік толғаныстармен шебер суреттеген шығармалар.
Поэзия номинациясы бойынша Төлеген Айбергенов атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- «Жас толқын» лирикалық жырлар топтамасы ұсынылады;
- Жасы 30-ға дейінгі жастар қатыса алады;
- Жас дәуреннің жалынды жырлары;
- Елге, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбындағы өлеңдер.
Проза номинациясы бойынша Тобық Жармағанбетов атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Мифологиялық бағыттағы әңгіме немесе повесть ұсынылады;
- Стереотиптік таным, дәстүр, наным, сенім, ұлттық үрдістер бейнесін айшықтайтын;
- Әңгіме, повесть желісі мазмұнды, тартымды, ұтымды болуы шарт.
Драматургия номинациясы бойынша Тахауи Ахтанов атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Қазақ драматургиясының дамуына үлес қосатын драмалық шығармалар ұсынылады.
- Бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайларды, айтулы оқиғаларды арқау еткен, елдің бірлігі мен ынтымағын арттыратын, ұлттың рухын оятуды мақсат еткен пьесалар;
- Тартымды оқиғалары мен қызықты кейіпкерлері елжадында сақталып, көрерменнің ой түзеуіне септігін тигізетін бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.
Сатира жанры номинациясы бойынша Үмбетбай Уайдин атындағы ЖҮЛДЕ — 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Тапқыр теңеулерімен, әсерлі әзілдерімен қоғамның ащы шындығын жеткізе білген сатиралық шығармалар ұсынылады.
- Шығарма саны 7-15 парақ аралығында болуы шарт.
- Юморлық шешімдері, сарказм, сатиралық түйіндері арқылы тәлім-тәрбиелік үлгі көрсете білген;
- Өмірде күнделікті кездесетін жайларды әжуа арқылы жеңіл тілмен, ұғынықты сөзбен жеткізген шығармалар қабылданады.
Көркем аударма номинациясы бойынша Қуандық Шаңғытбаев атындағы Жүлде — 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Автор шығармаларын ағылшын, түркі тілдеріне аударған нұсқалар ұсынылады;
- Шығарма 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
- Аударма тілінің көркемдігі, төл туындының мазмұнының толық берілуі;
- Аударылып отырған тілді де грамматика, сөздік қор және дыбыстық ерекшеліктер жағынан танып, орынды қолданған шығармалар қабылданады.
Балаларға арналған шығарма номинациясы бойынша Ізтай Мәмбетов атындғы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Шығарма 7-15 парақ аралығында болуы шарт;
- Балалардың жас ерекшілігіне орай ұсынылған шығарманың қай жас аралығына бағытталғандығы белгіленіп, көрсетілуге тиіс (мыс: 3-5 жас, 12-15 жас, т.с.с.)
- Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі —оларды ержүрек, өз Отанының патриоты, белсенді болуға жетелейтін, өнеге беретін батыл, адал адамдардың образын жасау.
Проза номинациясы (үздік әңгіме жазу) бойынша Қажығали Мұханбетқалиев атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Тарихи негізі бар (тарихи шығармалар) шығармалар ұсынылады;
- Сөздері нық, ойға қонымды етіп жеткізе білуі шарт;
Поэзия номинациясы (баллада жазу) бойынша Өтежан Нұрғалиев атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- «Өтежан-өлең. Оның тылсым табиғаты» танымдық зерттеу шығарма ұсынылады;
- Шығарма 10 парақтан кем болмауға тиіс;
- Шығарма Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығы, бұрын еш жерде жарияланбаған тың ақпараттық зерттеулер болуы шарт.
Драматургия номинациясы бойынша Бәкір Тәжібаев атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Автордың өлеңдеріне жазылған әндерді қамтитын, жастарға арналған мюзикл, сценарий (Б.Тәжібаев әндерін қамту шарт);
- Автордың бұрын еш жарияланбаған туындысы қабылданады.
Проза номинациясы (үздік әңгіме жазу) бойынша Өтебай Қанахин атындағы Жүлде— 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:
- Детектив жанрындағы шытырман оқиғалы шығармалар ұсынылады;
- Қазіргі күн бедеріндегі қоғамның қалтарыс тұстары, шешімін күткен мәселелер төңірегінде құрылған шығармалар.
Ұйымдастырушылармен байланыс:
Қатысушылар түсінбеген сұрақтары мен ұсыныстар жөнінде төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады.
Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 8(7132) 23-10-29;
Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112 «Е» құрылыс, 8(7132) 23-74-00, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
Байқау ережесінің толық нұсқасын Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ресми сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/541051?lang=kk ) біле аласыздар.