Ауыл

Өтектің өз наубайханасы бар

Кәсіпкерлік

Қобда ауданындағы Өтек ауылында наубайхана ашылып, тұрғындар қуанышқа бөленді. Салтанатты шараға аудан әкімі Болат Құлов қатысып, жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Ауылдан кәсібін бастап, наубайхана ашып жатқан 28 жастағы көпбалалы ана Жайнагүл Ержанова жолдасы екеуі отбасылық бизнес бастап, оны ілгерілетуді жөн санайды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз грант жеңіп алған. Сол қаржыға наубайханаға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Жұмысын енді бастаған кәсіпкер наубайханада нанның бірнеше түрімен қатар, тәтті торттар да пісіреді.

Бұл наубайхананың ашылуы Өтек ауылы тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық болды. Бұған дейін ауылға нан аудан орталығынан әкелінетін. Енді нан да, тәтті тоқаштар да ауылда пісіріледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button