Басты жаңалықтар

Балаларға — бір ай тегін

Өткен сенбіде Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов және ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономиялық округінен келген делегация өкілдері «Мега Ақтөбе» сауда және ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан жаңа жобаның ашылуына қатысты.

«Гейм парк» және «Китс парк» инвестициялық жобаларын «Кинопарк» ЖШС жүзеге асырып отыр.

«Кинопарк» ЖШС директоры Аслан Шәріповтың айтуынша, «Гейм паркте» 39 заманауи компьютерлер орналастырылған, оның 12-сі қазіргі заманғы 3D мониторлармен жабдықталған. Үш қалыптағы заманауи ойындар сатып алынып, жылдамдығы жоғары Интернет орнатылған.

«Китс парк» 3-тен 8 жасқа дейінгі балаларға арналған. Ата-аналар кинотеатрға немесе «Мега Ақтөбе» сауда және ойын-сауық орталығына келген кезде өз балаларын осында тастап кете алады. «Китс паркте» ойын-сауық аттракциондары орналастырылған. Жобаның ең қызықты тұсы — балаларды сурет салуға, мүсіндер жасауға үйрету және дамыту ойындарының қолданылуы.  Сондай-ақ, туған күндер мен басқа салтанаттар ұйымдастыру да қарастырылған.

Сол күні ата-аналарымен келген бүлдіршіндер мұндағының барлығын ұнатып, қызығушылықпен қарады. Ашылғаннан бастап 1 ай ішінде балалар «Китс паркке» тегін кіре алады.

Жобаның жалпы аумағы — 128 шаршы метр.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button