Басты жаңалықтар

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Баспасөз күнімен құттықтаймын!

Бейбітшілік, Келісім және Жасампаздықпен рухтанған баспасөз қызметкерлері – Ел Тәуелсіздігін баянды ететін рухани күрескерлер. Олардың қатарында газет пен журнал, телевизия мен радио, электрондық ақпарат құралдары мен баспагерлік өнеркәсібінің өкілдері бар.  Ел өмірінің өзегі, қоғамдық пікірді қалыптастырушы және реттеуші рөлін атқарып келе жатқан баспасөз қызметкерлері шын мәніндегі идеология сарбаздары болып табылады.

Атқарушы биліктің де, баспасөздің де мақсаты бір, ол – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз бүгіні мен кемел келешегі үшін бел шешіп, қызмет ету. Осыған орай ақтөбелік журналистер де қоғамдық бақылаушы рөлімен шектеліп қалмай, өмірде орын алған түйінді мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Саяси біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ұшталып, оқырман мен көрермен және тыңдаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінген журналистеріміздің әрқайсысы бір төбе, қасиетті сөзбен мыңдаған адамды ұйытқан дербес тұлға.

Үнемі қоғам тынысымен тыныстап, қазіргідей жаһандық жаңғыру заманында халықтық атмосфераның барометрі болу, адамзат баласын ортақ мүддеге жұмылдыру – тек қана Сіздердің қолдарыңыздан келеді. Ешқандай өлшемге сыймайтын мұндай рухани қуат өркениеті озық елдер қатарына ұмтылған Отанымыз үшін аса қажет. Сіздер шығармашылық ресурстарыңызды тек қана ел мүддесіне жұмсап, өз міндеттеріңізді абыроймен атқара береді деп сенемін.

Қымбатты достар!

Сіздерге шығармашылық табыс, мұқалмас қалам, жеке өмірлеріңізге денсаулық, отбасы бақытын тілеймін.

 

Құрметпен, 

облыс әкімі

 

Е.САҒЫНДЫҚОВ

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button