Басты жаңалықтар

Облыс әкімі ресейлік қонақтарды қабылдады

Кеше халықаралық «Ұлы мұра» конкурс-фестиваліне қонақ ретінде шақырылған Ресей аймақтарындағы қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерін облыс әкімі Елеусін Сағындықов қабылдады.
Облыс әкімі қонақтарға еліміздің, Ақтөбе аймағының соңғы жылдардағы экономикадағы, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері жөнінде кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ облыс әкімі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қатынастарды нығайту жолындағы шаруалар жөнінде; Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру мақсатында алға қойылып отырған жоспарлар туралы әңгімеледі.
Облыс әкімі Ресейдегі бауырларымызды Қазақстанға көшіп келуге шақырды.
— Әсіресе, ауылдық жерлерге келемін деушілерге біз жағдай жасаймыз, — деді Елеусін Наурызбайұлы.
Ресейлік бауырлар да тілді сақтап қалу, ұлттық-дәстүрді насихаттау мақсатында өздері жасап жатырған істер жөнінде айтып, мұң-мұқтаждарын жеткізді.
Кездесу қорытындысында, Ақтөбе аймағы тарапынан Астраханьдағы Құрманғазы атындағы мәдениет орталығына, Саратов қаласындағы «Қазақстан» мәдениет орталығына, Мәскеуде шығатын «Қазақ тілі» газетіне нақты көмектер көрсетілетін болды.
Қонақтарға біздің облысымыз туралы және аймағымыздың соңғы жылдардағы жетістіктері жөнінде баяндайтын кітаптар сыйға тартылды.
Индира ӨТЕМІС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button