Жаңалықтар

Сағи Жиенбаевқа арналған мурал салынады

Көріктендіру

Ақтөбедегі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жаңартылып жатқан кітапхананың қасбетіне лирик ақын Сағи Жиенбаевтың портреті салынады. Оны қаламызға дарынды әнші Димаш Құдайбергеннің муралын сыйға тартқан суретшілер бейнелейді.

Бұл жобаныоблыс әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығымен бірлесе жүзеге асырып отыр.

Аталған кітапхананың директоры Гүлжайнар Қалдинаның айтуынша,кітапхана нысан құрылымының тұтастығын бұзбай,жаңартылып, бұл жер Smart-centre алаңына айналғалы тұр.

— Мұнда енді цифрлы кітапхана мен дербес қызмет көрсету жүйесі енгізіледі. Жоба аясында кітапханамызға бес мың жаңа кітап сатып алу көзделіп отыр. Оқу залдарынан бөлек,бұл жерде ендікреативті жастардың басын қосатын тақырыптық аймақтар құрылатын болады. Мәселен, блог немесе басқа да видео түсіруге арналған, дыбыстауға арналған студиялар, қолөнер шеберлерінің орталығы, зертхана, коворкингтер, камині бар музыкалық қонақ бөлмесі секілді бірнеше бөлме ашылмақ. Жоба бойынша кіреберіске турникет орнатылмақ, — дейді Гүлжайнар Қалдина.

Бұл маңдағы көше ансамблін алдағы уақытта граффити стиліндегі арт-нысаны бар креативті перфорацияланған қасбет пен ашық аспан астындағы кинотеатр толықтырады. Кітапхана алаңы жазғы уақытта жастардың бос уақытын тиімді өткізетінәрі оларды кітапханаға тартудың қосымша нүктесі, сондай-ақ ерекше контент түсіру үшін таптырмас орынға айналмақ.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button