Пікір

Бақылау босаңсымау керек!

ҚАНАТ ЖАЛИМБЕТОВ,

«Қуаныш» сауықтыру орталығының директоры,

№17 мектеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Соңғы уақытта, өкінішке қарай, балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Бұл — өте алаңдатарлық жайт. Мұндай жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін балаларды бетімен жібермей, ұдайы бақылауда ұстау керек. Әсіресе балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтауға мән берген дұрыс. Жол ережесін сақтауға бала кезден үйретуге тиіспіз. Жасөспірімдердің көлік жүргізуіне жол беру олардың өміріне қауіп төндірумен бірдей. Бұл ретте тәртіп сақшылары да түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізіп, рейдтік тексеріс шараларын тұрақты өткізсе, дұрыс болар еді. Әрине, апат айтып келмейді, дегенмен барынша сақтанып жүру керек. Сондай-ақ кез келген орын алған жайт туралы видеоларды, суреттерді әлеуметтік желіге жүктемес бұрын, ішкі істер саласының қызметкерлерін хабардар ету керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button