Білім

Сынақтан сүрінбей өтті

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен ҰБТ сынағына  784 оқушы қатысты.

4 маусым күнгі  алғашқы лекте 316 бала сынақ тапсырды, олар:  Мәртөк ауданындағы 19 мектептің  және  Алға балалар үйінің, Есет батыр атындағы әскери-полиция мектеп-интернатының оқушылары. Ал 6 маусым күнгі екінші лекте 468 оқушы  сынақтан өтті. Олардың ішінде  Ақтөбе қаласындағы  7 мектептің ( №9, №32, № 51 мектеп-гимназиялары мен №35, №37 орта мектеп, «Сымбат», «Шаңырақ» жеке мектептері) және облыстық Мақсат Құсайынов атындағы  дарынды балалар, облыстық физика-математика мектеп-интернаттары мен қазақ-түрік лицейінің  оқушылары бар.

Осында тапсырған оқушылар алған ең жоғары балл — 124, ал орташа балл —  87,5. «Алтын белгіге» ұсынылған  35 түлектің 19-ы үмітті ақтады.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтындағы мемлекеттік комиссия құрамында ҚР Білім және ғылым министрлігінің  өкілдері Гүлнәр Шоманова, Нұрсұлтан Сәрсенбековтер болды. Министрліктің тағы бір өкілі  әрі аппеляциялық комиссияның төрайымы Бибіғайша Құлбаева өз пікірімен бөлісті:

— Бұл пункттегі ҰБТ сынағын өткізуге қатысты  жұмыстар өте жақсы ұйымдастырылған, бәрі уақытында, талапқа сай жүрді.  Ауданнан келген оқушыларға барлық жағдай туғызылды. Ешқандай құқықбұзушылық болған жоқ.

ҰБТ-ға үлкен даярлықпен келген ақтөбелік түлектер сынақтан сүрінген жоқ.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button