ПікірСайлау

Жастардың тілегі — әділ сайлау

Шаризат ЖҰМАМҰРАТҚЫЗЫ,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қызметкері

Саяси науқаннан әрдайым жаңашылдық күтетін халқымыз бұл жолғы сайлауда да оң өзгерістер болатынына сенеді. Оның ішінде ел жастары биылғы Мәжіліс және мәслихат сайлауы әділ әрі ашық болатынына нық сенімді.

Қашанда елдің дамуына, жаңа реформаларды жүзеге асыруға жастардың күш-жігері қажет. Себебі жастар — дамудың қозғаушы күші. Сондықтан алдағы сайлауда бағын сынайтын жас кандидаттар өздерін жан-жақты көрсетіп, елдің болашағы үшін еңбектенеді деп сенеміз.

Биылғы сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтарға байланысты алдағы 19 наурызда өтетін саяси науқанда кандидаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер, екінші бөлігі бір мандатты округтер бойынша сайланбақ. Бұл өз кезегінде халықтың дұрыс таңдау жасап, өзі сайлаған кандидатынан жауапкершілік талап етіп, сайлауалды бағдарламасын орындауын қадағалауына да ықпал етпек.

Қай кезде де ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген ақтөбеліктер бұл жолы да облыстың атын  шығарып, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, үлкен мінберлерден сөз сөйлейді деп сенеміз. Лайым тек елімізде тыныштық пен тұрақтылық болсын! Ырғыздың жастары атынан барша облыс халқын алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырамын.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button