Білім

Мұғалімдер марапатталды

    • Олимпиада

Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық педагогикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Өткен айда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығының бастамасымен педагогикалық олимпиада өткен еді. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі Анар Даржанованың қолдауымен өткізілген байқауға облыстың 100-ге жуық педагогі қатысты. Оның ішінен 32 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. І орынды — 6, ІІ орынды — 8, ІІІ орынды 17 педагог алды. Олимпиада жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Мұғалім болып жұмыс істегеніме бес жыл болды. Осы байқауға 2020 жылы қатысып, Алғыс хат алған едім. Ал биылғы олимпиадада I орыннан көріндім. Мұндай байқаулар мұғалімнің тәжірибесін, білімін шыңдауға септігін тигізеді, — дейді Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебінің мұғалімі Дулат Аяпбергенов.

Байқауға 35 жасқа дейінгі жас мұғалімдер қатысты.

Осындай олимпиадалардың арқасында мұғалім өзінің қандай тақырыптан ақсайтынын біліп, алдағы уақытта соларға көбірек көңіл бөлетін болады. Оқушыларды да байқауларға жібергенде, күрделі математикалық есептерді шешуде тыңғылықты дайындалу керек екенін біліп тұрады. Тек балалар ғана емес, осылай мұғалімдер де ара-тұра өзара сайысып тұрса, әрі барлық пәннен олимпиадалар өткізілсе, — дейді №53 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жансая Снадин.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button