Құқық

Заң

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Кондоминиум заңды тұлға ма?

Қазірде кондоминиум көп. Өз беттерінше жұмыс істейді. Кондоминиум заңды тұлға ма? Егер болмаса, салық неге төлемейді? Төлесе, қалай төлеуге жатады? Штатында 3-4 адамы бар кондоминиум қалада көп.

А. Есен.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес кондоминиум – жылжымайтын мүлікке меншіктің бір түрі. Екi және одан да көп пәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің меншiк иелерiнiң әрқайсысы оны (пәтерді) өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы сақтала отырып, кондоминиум құрылады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі пәтер иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі. Бірақ олардың осы ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп алуға құқығы жоқ.

Кондоминиум объектісі дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен. Кондоминиум қатысушылары үй-жайды күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылау және қабылдау үшін алдын ала белгіленген жерде және белгілі бір уақытта бірлесіп жиналыс өткізіп отырады.

Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты тiркеу туралы заңдарға сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тіркелген кезде техникалық паспорт дайындау жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізіледі.

Кондоминиум объектісін басқару органы болады. Басқаруды, яғни, үй-жайларды күтіп-ұстауды меншік (пәтер) иелері сенiм бiлдiрген жеке тұлға да, заңды тұлға да жүзеге асыра алады. Яғни, сіз айтып отырған «штаттағы 4-5 адам» кондоминиумның басқару органы. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті. Оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Кондоминиум қатысушыларының салық төлеуі заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту: оқырмандардың кейбірі мүлікке (оның ішінде тұрғын үйге) салынатын салықтың жылма-жыл өсетініне реніш айтып, Салық кодексіне енгізілген және енгізілуі ықтимал өзгерістерге пікір білдіруімізді сұрайды. Заңның, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық кесімдердің, сот үкімінің, шешімінің, қаулысының дұрыс-бұрыстығы жөніндегі пікірталасқа бармайтынымызды, сондай-ақ, заңға емес, саясатқа және ағымдағы тірлікке қатысты сауалдарға жауап берілмейтінін бұрын да ескерткен болатынбыз.

Мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

тел.: 8 (7132) 56-21-64; 51-04-13; 8-702-318-04-13

E-mail: sultan.ns@mail.ru

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button