Білім

Талдысайлық оқушылардың жеңісі

Аудан мектептері арасында тоғызқұмалақ ойынынан біріншілік өтті. Бұл — ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шара.

Әйтеке би аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спартакиада Милы орта мектебінің базасында өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген жарысқа бұл жолы аудандағы 18 мектептің оқушылары қатысты. Спартакиаданың ашылу сәтінде  Милы орта мектебінің директоры Рахила Сейітова жас ұрпақ үшін жасалып жатқан игілікті істерге тоқталды.

Жарыста Ә.Жәрдеметов пен Б.Сейітов сынды ұстаздар ойыншыларға төрелік етті. Бұл күні оқушылардың бос уақытын тиімді жоспарлаған мектеп ұжымы концерттік бағдарлама, үстел теннисі, шахмат, дойбы ойындарын ұйымдастырды. Спартакиада қорытындысы бойынша, ауыспалы кубок Талдысай орта мектебінің еншісіне тиді.

Ақкөл ауылынан келген Абай атындағы орта мектептің ойыншылары екінші орынға қол жеткізсе, Милы орта мектебінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Зейнет  ҚАРАҒҰЛОВА,

Милы орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button