Ауыл

Ауылдағы жаңа дәрігерлік пункт

Хромтау

Хромтау ауданына қарасты Көктау ауылында дәрігерлік амбулаториялық пункт ашылды. 

Ақтөбе мыс компаниясы ауылда жарты жыл  иесіз тұрған көне ғимаратты жөндеуден өткізген соң, Көктау-1 ауылында  дербес медпункт қызметі  іске қосылды. Компания жөндеу жұмыстарына 22 млн теңге қаражат жұмсаған.

Жаңа амбулаторияда  дәрігер, екі медбике, акушер және жедел жәрдем қызметі көлігінің жүргізушісі жұмыс жасайды. Мұнда 1500-ге жуық адам ем-дом алады.

Сондай-ақ Ақтөбе мыс компаниясы Көктау, Аққұдық, Көктөбе,  Көктерек, Қарабаз  ауылдарына жаңа жедел жәрдем көлігін сыйға тартты. Құны 12 млн теңге тұратын 2022 жылы шығарылған су жаңа көліктің іші жылы, ең бастысы, науқастарға өте ыңғайлы.

Көктау ауылында жұмыс жасап жатқаныма 7 жылдан асты. Оқуды бітірген соң ауылға  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келгенмін. Жаңа жедел жәрдем көлігін алып жатқанымызға қуаныштымыз. Бұрын жұмыс барысында ескі көлікпен әбігерге түсетін едік, — дейді дәрігер Арайлым Талманова.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button