Жаңалықтар

22 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Былтыр облыста 41 716 жаңа жұмыс орны құрылып, 22 214 адам тұрақты еңбекпен қамтылған.

Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиева айтып берді.

  • Былтыр «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында облыста барлығы 53 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыны еңбекке тарту жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 57 991 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1004 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілсе, 5163 адам «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Ал 837 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болып, 33 мыңнан астам тұрғын тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болды. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 2,7 пайыз, — деді ол.

Басқарма басшысының орынбасары бұл бағыттағы шаралар биыл да жалғасатынын жеткізді.

Брифинг соңында Бибігүл Бисенғалиева БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button