Жаңалықтар

Ардагерлер ауылдарды аралады

Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шанғұтов және ардагерлер кеңесінің президум мүшесі Түрікпенбай Айжарықов Темір ауданында болды.

Олардың мақсаты «Ауыл аманаты» жобасының аясында жасалып жатқан жұмыстарды тұрғындарға кеңінен түсіндіру. Кеңесту, Жақсымай ауылдық округіне барған ардагерлер елдімекендерді аралады.

Кеңесту ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенде барлығы 2 мыңға жуық адам тұрады. Аула саны — 326. Бірқатары жоба аясында құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығымен айналысуға ниеттеніп отыр. Ал10 адам шағын және орта бизнеске бет бұрғысы келеді.

Жақсымай ауылдық округіне қарасты  370 аула болса, соның 91-і несие алуға өтініш берген.

Бұл бағдарлама ауылдарды дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге оң әсерін тигізіп, өз тиімділігін көрсететіндігіне сенемін,— деді кездесуде Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаңғұтов.

Жиналыс соңында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Кездесуге қатысқан екі селолық округ тұрғындары  «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниетті екендігін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаңғұтов пен президум мүшесі Т.Айжарықов  Кеңесту ауылындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, олармен мамандық таңдау, ауылды дамыту,ауыл шаруашылығына қажет мамандықтардың өзектілігі турасында ой бөлісті.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button