Ауыл

Ауылдан адам көшкенмен…

Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы туралы бұрын да жазғанбыз. Ауыл жастары ұйымшыл, ауызбіршілігі мықты.

Болашағы зор елді мекенде 100-ден аса үй бар. Түтін саны мен тұрғындары және мектептегі оқушыларының көптігімен аудан бойынша алда тұрған ауыл жыл сайын ажарланып келеді.

Жыл басталмай жатып ауыл жастарының тағы бір игілікті ісі көпшілікті қуантты. Амангелді орта мектебінің 1989 жылы туған түлектері бірігіп ауылдың кіреберісіне 550 мың теңгеге стелла тұрғызды.

Бұл қалада тұратын жастар Данияр мен Азаттың идеясымен ауылдағы қатарластарының қолдауымен жүзеге асқан.

Ауылға барған сайын кіреберісінде кеңестік дәуірдің үлгісімен ауылымыздың аты жазылған белгі шошайып тұратын. Соны өзгерткіміз келіп, өткен жылы стелланың жобасын сызғанбыз. Біздің ауылдың айналасының бір жағы қырлы, төбелі боп келеді де, екінші жағын құм қоршаған. Өрісінде малы көп. Әркімнің өз туған жері ыстық демей ме? Сол төбелер біз үшін кішігірім таумен бірдей. Сондықтан стелладағы тақтаға қыр, төбе, құмның топтасқан суретін салдырып, Шынберген Сүлейменовтің елге кең таралған әніндегі  «Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді» деген сөзін жаздырдық, — дейді Азат Қалниязов.

Ол бұл істің ауылдағы қатарластарының қолдауы арқасында ойдағыдай біткенін айтады.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button