Жаңалықтар

Жол тазалығын тексерді

Қала

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков алғашқы жұмыс күнін көшелерді аралап, жол тазалығын тексеруден бастады.

Болашақ шағын ауданының жанындағы жол бойында БАҚ өкілдерімен кездескен қала әкімі аумақ пен көше тазалығына баса мән беретінін, 4 қаңтарда түнде Мәскеу, Сүтзауыты қалашығы, Құрмыш секілді бірнеше шағын ауданды аралап шыққанын айтты.

— Қар тазалау жұмыстары күні-түні жүріп жатыр. Алайда техника мен жұмысшы жетіспейтіні байқалып тұр. Жақында ғана облыс әкімі үлкен жиын өткізіп, мердігер ұйымдардың техникаларын тексеріп, жағдайларына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды. Енді соның нәтижесі анықталып, тиісті шаралар қабылданады, — деді Мұрат Жүребеков.

Өңір журналистерінің түрлі тақырыптағы сұрақтарына жауап берді. Қалалық әкімдіктегі барлық бөлім шаһарды қардан тазалау науқанын бақылауға жұмылдырылыпты. Сондай-ақ қаламыздағы құрылыс компаниялары облыс әкімінің өтініші бойынша қар тазалауға қосымша 60 техника ұсынып отыр екен.

Бүгінгі таңда Ақтөбе көшелерінде 200-ден астам арнайы көлік пен 100-ден астам жұмысшы күні-түні еңбек етіп жүр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button