Жаңалықтар

Есімі есте қалады

Жақында өмірден өткен телеоператор Мейрамбек Симановқа «Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді. Марапатты оның жары мен ұлына облыс әкімі Ералы Тоғжанов табыстады.

— Қазақта «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Бауырымыз арамызда болмаса да, оның артында үлгі боларлық үлкен ісі қалды. Еңбегі — ел есінде, — деді өңір басшысы.

Мейрамбек Матығұлұлы Симанов — 19 жасынан  бастап телевизия саласында өзіндік із қалдырған телеоператор. Еңбек жолын «Ақтөбе» облыстық телеарнасында бастаған ол соңғы 17 жыл «КТК» телеарнасының Ақтөбе облысындағы қосынында  еңбек етті. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 20 жылдан астам тәжірибесінде оның қатысуымен халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту бағытында өзекті мәселелер көтерілді. Ол түсірген бейнесюжеттер мәселенің шешімін табуға ықпал етті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button