Жаңалықтар

Үздіктер анықталды

Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында бір топ жас «Жыл үздігі — 2022» сыйлығымен марапатталды.

Атқарушы билік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, кеңес мүшелері, белсенділер қатысқан салтанатты шарада әуелі Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова аталған марапаттың жыл сайын өткізілетінін атап өтті. Мақсат — талапты жастарды қанаттандырып, азды-көпті еңбегін елеу. Биыл осы сыйлыққа 28 жігіт пен қыз қатысуға ниет білдірген, солардың 10-ы әртүрлі номинация бойынша үздік атанды. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, журналист, мәдениет қызметкері, т.б. бар.

— Жаңа жыл қарсаңында «Үздік жас ұстаз» номинациясын иеленгеніме қуаныштымын. Бұл маған үлкен сенім ұялатып, алда да тынбай еңбек етуіме серпін береді деп ойлаймын. Өзімнен кейінгі іні-сіңлілеріме де соған ұмтылу үшін үлгі болады.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі №75 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Мұғалім боп еңбек еткеніме — 3 жыл. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді, — дейді.

10 жасқа арнайы төсбелгі мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button