Жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы марапат

Мереке қарсаңында Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында әртүрлі сала өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін атқарушы Гүлназ Сисенова:

— Жыл санап қаламыз өсіп-өркендеп, көркейіп келеді.  Жаңа жыл қарсаңында  қаламыздың қарқынды дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттауға жиналып отырмыз. Сіздерге  зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз, — дей келе, Ақтөбе қалалық маслихатының шешімімен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі табыстары үшін «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағымен Орынбасар Дәулембаев пен Жақсыбай Талаевты марапаттады. Сондай-ақ «Қала құрметі» арнайы төсбелгісі Новый орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Байменова, «Асар-үме» қайырымдылық қорының өңірдегі өкілі Әнуар Сандыбаев, «КТК» телеарнасының Ақтөбедегі операторы, марқұм Мейрамбек Симанов (зайыбы алды), «Aqtobe su-energy group» АҚ газэлектрдәнекерлеушісі Қайрат Қалдыбековтерге, т.б. тапсырылды. Сонымен қатар бір топ ақтөбелікке, негізінен еңбек адамдарына қала әкімі міндетін атқарушының және Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанованың Алғыс хаты берілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button