Мәдениет

Үздіктер марапатталды

Алғада мәдениет және өнер саласының қызметкерлері биылғы жылды қорытындылады.

Аудандық Мәдениет үйінде осы мекеме мен оған қарасты ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтарының өнер ұжымдары қорытыМнды концерт қойды. Сонымен бірге көрермендерге өнер ұжымдарының жыл бойы істеген жұмысынан бейнеролик көрсетілді.

Кешке аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Қанғожин қатысып, жыл үздіктерін марапаттады. Үшқұдық ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Гүлнәзия Масжанова, әнші Мерей Нұғыманов және Асхат Аймағамбетов жылдың үздік қызметкерлері атанып, сый-сияпатқа ие болды. Сондай-ақ Маржанбұлақ ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Қанат Қисықов пен Қарабұлақ ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Қаламқас Прокопенкоға Алғыс хаттар табысталды.

Айта кетелік, алдағы жылы Алға ауданында төрт бірдей мәдениет мекемесінде күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның бірі — Маржанбұлақ ауылдық Мәдениет үйі. Маржанбұлақтағы Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 116, 9 миллион теңге қаржы қарастырылған. Тікқайың, Тамды, Қайнар ауылдарындағы клубтарға да күрделі жөндеу жүргізілмек.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button