Спорт

Диана екі рекордты жаңартты

Ақтөбелік жүзгіш, ұлттық құраманың мүшесі Диана Тасжанова еліміздің екі рекордын жаңартты.

Диана, ұлттық құраманың басқа да мүшелерімен бірге, Санкт-Петербургте өткен «Владимир Сальников кубогы» халықаралық турниріне қатысқан болатын. Бұл турнирге әлемнің 7 елінен 300 спортшы қатысты.

Диана баттерфляй әдісімен жүзуден 200 метр қашықтықты — 2:14,14 секундта, ал еркін жүзу әдісімен 400 метр қашықтықты 4:15,59 секунд уақытта жүзіп өтті. ҚР су спорты түрлері бойынша федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл екі нәтиже де Қазақстан үшін жаңа рекорд болып табылады. Яғни жүзу түрінен спортшыларымыз өз нәтижелерін жақсартып келеді деген сөз.

Айта кетейік, биыл Диана ашық су айдынында жүзуден Самарқандта өткен Х Азия чемпионатына қатысып, 10 шақырымдық қашықтықта 4-орын алған еді.

Бұл нәтижелер Диана үшін алдағы үлкен табыстардың басы болады деп үміттенеміз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button