Ресми
Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы Х А Б А Р

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына мына кандидаттарды тіркеді:
Бекбауова Дана Бахытқызы 1977 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Бекназаров Рахым Ағыбайұлы 1967 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы.