Мәдениет

Мәдениет саласының бүгіні мен ертеңі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында 2022 жылы облыста мәдениет пен өнер саласы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

БАҚ өкілдерімен кездесуге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали келді.

Басқарма басшысы бүгінгі күні өңірде мәдениет мекемелерінің саны — 480 жәнеолардың 472-сі мемлекеттік екенін атап өтті. Бұл мекемелер қызметкерлерінің күшімен өткен 11 айдың ішінде  барлығы 23 217 шара ұйымдастырылған. Осы мерзім ішінде мәдениет мекемелеріне келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа санына сәйкес жоспар бойынша: театрда — 81,9 пайыз, музей саласында — 94,8 пайыз, концерттік ұйымдарда 95,8 пайыз орындалған.

Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасыныңаясында Ақырап (Қобда ауданы),  Жұрын, Ақкемер(екеуі де Мұғалжар), Бөгетсай (Хромтау), Әйке (Әйтеке би) селолық клубтарының ғимараттарын күрделі жөндеуге 338,5 миллион теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінің ғимараты да күрделі жөндеуден өтті.

Алтынай Юнисова биылғы өңірдегі мәдени-көпшілік шаралардың аясындаЕсет Көкіұлының 355 жылдық, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық, Р.Бағланованың 100 жылдық, М.Әуезовтің 125 жылдық, С.Баймолдиннің 80 жылдық,М.Маметованың 100 жылдық, Т.Бигелдиновтың 100 жылдық, Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойлары кеңінен атап өтілгенін айтты.

Сонымен қатар Балалар жылы аясында«Бақытты бала-2022» IV ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы, «Ассалаумағалейкум» VIХалықаралық қуыршақ театрлар фестивалі, түрлі аспапта ойнаушы жасөспірімдердің «Классика» байқауы, алғаш рет Т.Ахтанов атындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған І республикалық үздік драматургия байқауы, басқа да бірқатар ірі шаралар ұйымдастырылған.«Ер Едіге» жыр мектебі Ақтөбенің төрт жерінде 40-тан астам баланы ақысыз түрде жыр өнеріне баулиды. Бұл мектептің шәкірттері биыл екі рет есеп беру концертін өткізді.

Облыстағы мәдениет мекемелерінің басым бөлігі — кітапханалар мен ауыл клубтары. Барлығы 236 кітапхана бар, олардағы кітап қоры — 3 667 906 дана. Оның ішінде сандық форматта 73 404 бірлік бар. Кітапхана қорын сандық форматқа көшіру жұмыстары биыл да жүргізілген, биыл көшірілген кітап, т.б. саны — 9058.

Ал облыс музейлеріндегі экспонаттардың жалпы саны — 202,8 мың дана. Облыс архивтерінде 3239 қор, барлығы 1 045 547 құжат пен істер сақтаулы.2022 жылдың11 айында 196 қор,  31050  іс сканерленген, яғни сандық форматқа көшірілді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғалитарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қорғау және сақтау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы облысымызда үш бағытта жүзеге асырылып келеді. Біріншісі — киелі жерлерді анықтау болса, екіншіден, көне ескерткіштерге ғылыми реставрация-консервациялау жұмыстарын жүргізу көзделеді. Үшінші бағыт — облыс аумағындағы киелі жерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу. Осы орайда, мысалы, Абат-Байтақ қорымы аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін, Досжан хазірет кешеніндегімешітке консервациялау, қонақ үй, музейжәне кешеннің аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін ерекше айтуға болады. Алға ауданындағы 1902 жылы салынған Шәкен ишан мешітіне және Абат-Байтақ қорымындағы 48 құлпытас ғылыми реставрацияланды. Сонымен бірге Жұмағали ишан, Самұрат мешіттеріне және Абат-Байтақ қорымындағы Қыз әулие кесенесіне ғылыми жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп отыр.

Жиында алдағы жылдың жоспарлары да айтылды.Келержылы жастарға арналғанкреативті орталықтар құруға көп көңіл бөлінбек. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының «Өнер орталығы» ғимаратында TEDХ — еркін аймағы, Cliber Club, дыбыс жазу орталығы, сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі, көп функциялы ауқымды-акустикалық дыбыс жазу студиясы, Tik-Tok Club, Art Space, Movie холл, т.б. ашу жоспарланған. Мұндай еркін аймақ — креативті орталықтар алдағы уақытта облыстық «Өнер» музейі мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында да ашылатын болады. Ал ауыл мәдениетін, ауылдың өнерлі жастарын қолдау мақсатындағы шаралар облыстық халық шығармашылық үйі арқылы қолға алынбақ.

Алдағы жылғы ірі мерейтойлық даталар: Әбілқайыр ханның туғанына— 330 жыл, Сырым Датұлының туғанына 300 жыл толады, сондай-ақ Т.Жүргеновтің 125 жылдығы, жазушылар Т.Ахтанов пен Ө.Канахиннің және бишіН.Тапалованың 100 жылдық мерейтойлары бар. Осы мерейтойларға байланысты көптеген шаралар жоспарланған.

Ауылдық клубтар ғимараттарын күрделі жөндеу де жалғасады. Әйтекеби ауданының орталығында, сондай-ақ Алға ауданында төрт бірдей мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу басталатын болады.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button