Жаңалықтар

Айтары да, айдары да мағыналы «Ақтөбе»

Баспасөз-2023

Бағдагүл АМАНЖОЛҚЫЗЫ,

Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің бас маманы

Бала күнімнен рухани досыма айналған «Ақтөбе» газетінің әр санын асыға күтемін. Облысымыздың тыныс-тіршілігінің жаршысы болған басылым — ақтөбеліктердің сүйікті газеті. Онда тұрақты жарық көретін әрбір айдардың айтары бар.

«Қазіргі уақытта барлық жаңалықты интернеттен оқуға болады». Алайда газет-журнал бетіне шыққан материалдар анағұрлым құнды деп ойлаймын. Өйткені көбі желідегі тексерілмеген, жалған ақпараттардың жетегінде кетеді. Қазір жастар жаңалықтың бәрін әлеуметтік желіден оқиды. Дегенмен кітап, газет-журналдың  тәрбие құралы екенін де ұмытпайық.

«Ақтөбе» газетінде елімізге танымал ақын-жазушы, журналистер жұмыс істеді. Ойы салмақты, үнемі қоғамдық мәселелерді қозғайтын газет әркез оқырманымен бірге. Редакция ұжымы жыл сайын аудан-ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесіп тұрады. Газет бетіне арнайы байқаулар ұйымдастырып, жүлделі сыйлықтарын табыс етеді. Балалардың шығармалары, суреттері газет бетінде жарық көріп, түрлі номинациялар бойынша марапатталады. 100 жылға жуық тарихы бар «Ақтөбе» газетін қоғам өмірінің айнасы деуге болады. Тілшілер ел игілігі үшін қабылданған бағдарламаларды тұрғындарға түсінікті тілмен жеткізіп, оның іске асырылу барысын жариялап отырады. Ақтөбе өңірінің рухани жылнамасына айналған газет көзі қарақты оқырманы барда жасай бермек.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button