Жаңалықтар

Прокуратура қызметкерлерін марапаттады

Мәслихат

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шарада облыстық прокуратураның басшысы Халидулла Дауешов құттықтау сөз сөйледі.

Осы айтулы күні прокуратура ардагерлеріне ерен еңбегі үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді және биыл кәсіби мерекемізді алғаш рет атап өткелі отырған қызметкерлер мен жас мамандарға сәттілік тілеймін, — деді облыс прокуроры.

Амангелді Нұғманов облыс әкімі мен мәслихат депутаттарының атынан ардагерлер мен прокуратура қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Прокуратура қызметкерлерінің еліміздегі конституциялық құрылымы мен заңдылықты сақтауда, мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізудегі қосқан үлесі зор. Бүгінде әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз етудегі жауапкершіліктің ауыр жүгі прокуратура қызметкерлеріне жүктеледі. Сіздер заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде аянбай еңбек етіп, біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда өз міндеттеріңізді табысты әрі абыроймен атқарып жатырсыздар. Сондықтан мерекеде баршаңызға зор табыстар мен жетістіктер тілеймін, — деген Амангелді Нұғманов облыс әкімі мен облыстық мәслихат атынан облыстың бір топ үздік прокурорына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Шарада облыстық прокуратура басшысы ардагерлер мен ведомствоның үздік қызметкерлеріне еліміздің Бас прокурорының атынан төсбелгілер мен грамоталар табыс етті. Сондай-ақ бір топ адамға кезектен тыс шендер берілді.

Салтанатты шара соңында жас мамандар өз қызметтерін адал атқаруға ант берді.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button