Әдебиет

Жас ақындар сайысы

Төлеген Айбергенов — 85

Байғанин аудандық мәдениет үйінде ақын Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығына арналған «Ортаңа келді өз балаң» атты аудандық ақындар сайысы өтті.

Сайыста ауданның сегіз ақыны бақ сынады.Төрт кезеңнен тұратын жыр додасына қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдерін, сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Жас ақындардың түрлі тақырыптағы өлеңдері де қалың көрерменнің көңілінен шықты.

Жыр кешінің қорытындысы бойынша бас жүлдені МергенНұрмағанбетов пен Данияр Дәулеткерейұлы алып,«Күміс қалам» иеленді. Жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хатымен сыйлық табысталды.Әдеби кеште әсем әнде шырқалды.

Ақнұр ҚАЛДЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button