Жаңалықтар

Ерлан Қарин Ақтөбе облысының активіне облыс әкімін таныстырды

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ақтөбе облысының активіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен облыс әкімі лауазымына тағайындалған Ералы Тоғжановты таныстырды.
     
Мемлекеттік кеңесші Ералы Тоғжановтың облысты басқаруда кәсіби тәжірибесі мол және қажетті құзыреті бар екенін атап өтті.
«Облыс басшылығының алдында Президент тапсырмаларын толық және сапалы іске асыру міндеттері тұр. Ералы Тоғжанов Президенттің сенімін ақтайтынына сенімдімін», – деді Е. Қарин.
Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button