Пікір

Тарихи кезеңнің куәсі болдық

Серік ШАҢҒҰТОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне ақтөбелік делегация елеулі құрамда қатысты.

Президент өз сөзінде бүгінгі басты мақсат «Заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін әділетті Қазақстанды құру» деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы алдағы бағытты айқын көрсетіп бергені бәріміздің көңілімізге қонды. Ол:«Қазір — сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды» деп нақты міндеттерді алға тартты.

Президент өзі бұрын да атап көрсеткендей, ауылды өркендету ісіне баса назар аударылатынын еске салды.

«Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл — ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», — деді.

Үлкен жиынға қатысушылар Президенттің бұл шешімін үлкен қанағаттанарлық сезімімен қарсы алды.

Бұл тарихи кезең болды ғой деп есептеймін. Алдағы жеті жыл ел үлкен үміт артып отырған, өзерістер кезеңі болатындығына сенім артамыз.

Біздің ұлықтау салтанатынан алға бір әсеріміз осындай.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button