Жаңалықтар

Сырлас досыма айналған газет

Серік РАЙЫМБАЕВ, зейнеткер

Мен жыл сайын газет-журналға жазыламын. Газет — адамның көкірек көзін ашып, ой-өрісін дамытатын құрал. Әр нәрсеге байыппен қарауды үйретеді. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелермен бірге, облыс басшылығының атқарған игілікті істері жөнінде дер кезінде ақпарат беретін «Ақтөбе» газетіне алғысым шексіз!

Әлеуметтік желіде көптеген жаңалықтардың куәсі болып жатамыз. Солардың бірі шын болғанымен, бірі жалған болып шығады. Мұндай жалған пікірлерге еріп, опық жегендерді де көріп жүрміз.

Алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін жастарға әрдайым ақылымды айтып, газет бетіне шыққан шынайы мақалаларды оқуға кеңес беріп жүремін. Өзім Қарабұтақ ауылының тумасымын. Қалаға көшіп келгеніме де біршама жылдың жүзі болды. Жасым жетпіске келсе де, ел жаңалықтарын газет бетінен оқығанда балаша қуанып қалатын сәттерім көп. Газетті оқыған сайын өзіңнің сырлас досыңа айналады екен, келесі саны шыққанша асыға күтіп жүресің. «Ақтөбе» газетінің ұжымына тілектес екенімді білдіріп, қала, аудан, ауыл тұрғындарын газетке жазылуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button