Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтің қыр-сыры

Кездесу

Байғанин ауданындағы Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектебінде мемлекеттік қызметті дәріптеу мақсатында «Мемлекеттік қызмет ел мүддесіне адал еңбек» тақырыбында кездесу өтті.

Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов, ішкі саясат бөлімінің маманы Рита Халыққызы, Байғанин ауданы жастар ресурстық
орталығының басшысы Ернұр Қайратұлы мектеп оқушыларымен ашық сұхбат жүргізді. Еркін форматта өткізілген сұхбат барысында 9-11 сынып оқушылары қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Кеш соңында Әсет Жеткізгенов шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушыларға және Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектебінің ұжымына алғысын білдірді. Оқушылардың арасынан шынайы да, қызықты сұрағын қойған мектеп оқушыларына кітаптар сыйға тартты.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button