Мәдениет

Қазақтың қаһарман қызы

Мәншүк Мәметова — 100

Осындай тақырыпта облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған тарихи-танымдық кездесу өтті.

Оған Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы жоғары медициналық және Ақтөбе гуманитарлық колледждерінің оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты — жастарға Батыр қыздың өнегелі өмір жолы мен өшпес ерлігін дәріптеу. Кездесуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің аға ғылыми қызметкері Сәулеш Тәжбенова мен аталған музейдің экскурсия жүргізушісі Әсемгүл Амангелді батыр қыздың 100 жылдығына орай Әлия музейінде ұйымдастырылған шаралар мен Батыс Қазақстан облысында өткен халықаралық конференция туралы сөз қозғады.

Жиналған қауым Мәншүк туралы әзірленген слайд пен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі қорындағы Батырдың ерлігін дәріптейтін «Шығыс шолпаны» атты деректі фильмді тамашалады.

Шара соңында облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров қонақтарға алғысын айтып, «Руханият әлемі» атты кітапты сыйға тартты.

Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің

қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button