Жаңалықтар

Бюджет шығыстары жобасы қаралды

Мәслихат

Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына  2023-2025 жылдарға жоспарланған бюджет шығындарын ұсынды.

Облыстық білім, дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, тілдерді дамыту және еңбек инспекциясы басқармаларының басшылары жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысында бюджеттік шығыстар туралы өз баяндамаларын ұсынды.

Аmanat партиясының депутаты Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, жұмыс тобына кірген қоғамдық кеңестің төрағалары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Мәселен, облыстық басқармалардың басшылары ұсынған ақпараттан көрініп тұрғандай, білім беру саласына 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығыстары — 608,7 миллиард теңге, тілдерді дамыту басқармасына — 375,1 миллион теңге, еңбек инспекциясы басқармасына —  382,3 миллион теңгені, мәдениет басқармасына —  14,2 миллиард теңге.

Депутаттарбарлық ақпаратты жан-жақты талқылап, баяндамашыларға бірқатар сұрақ қойып, тиісті қаулы қабылдады.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button