Жаңалықтар

Жаңалықтың жаршысы

БАСПАСӨЗ-2023

Сабыржан БИСЕНОВ,

Қарғалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Газеттің басты мақсаты — оқырманына шынайы ақпаратты дер кезінде жеткізу.

Қоғамда мерзімді баспасөздің алар орны ерекше. Себебі газет қоғамдағы түйткілді мәселелерді шынайы жеткізетін айна іспеттес. Алайда жастар жаңалықты да, басқа материалдарды да планшет пен смартфоннан, компьютерден оқуға бейім. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық оқуды, оның ішінде газет оқуды қолға алуымыз керек.

Цифрлы ғасырда газет атаулы жойылады деген түсінік қате. Жыл өткен сайын мерзімді баспасөздің оқырманы артып, газетке жазылушылар саны көбеймесе, азайған жоқ. Бұл жайт көңіл қуантады. Сол үшін де барша оқырмандарымызды мерзімді баспасөзге жазылып, «Ақтөбе» газетін оқуға кеңес беремін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button