ЖаңалықтарСайлау

Сайлау күнгі азық-түлік жәрмеңкесі

Ел Президентін сайлауға №45 орта мектептің ғимаратында орналасқан №533 сайлау учаскесінде де сайлаушылар белсенді қатысуда.
Аталған сайлау учаскесінде 2310 адам тіркелген. Түске дейін 322 адам өз дауысын беріп үлгерді.
Мұнда сайлаудың құрметіне орай азық-түлік жәрмеңкесі де ұйымдастырылған.
— Халыққа тиімді болсын деген мақсатта жәрмеңке ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұндай жәрмеңкелерді кішкентай кезімізден көріп жүрміз. Ата-анамыз дауыс беруге келгенде бізге сол жерден тәттілер алып беретін. Ең бастысы, осындай мерекеде халыққа жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді, —  дейді №533 сайлау учаскесінің төрағасы Алмагүл Ешмағамбетова.
Сайлау процесін алты байқаушы қадағалап отыр.
— 5-6 жылдан бері сайлауларда байқаушы болып жүрмін. Бүгінгі сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ғимарат есігі ашылғаннан бастап 50 шақты адам келді. Қазір де саяси шараға белсенді қатысып жатқандар көп, – дейді «Партиялық емес байқау орталығының» байқаушысы Самат Ерболат.
Сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр.

Насиба АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button