ЖаңалықтарСайлау

Сайлауда үлкен кісілер белсенді

 Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекеніндегі №49 орта мектептің ғимаратында орналасқан №523 сайлау учаскесі сайлаушыларды таңғы сағат жетіден бастап қабылдады.
— Тіркелген сайлаушылар саны — 2788. Қазір 900-ден аса тұрғын дауыс беріп үлгерді. Әсіресе үлкен кісілер белсенді. Сағат 12-ге дейін үйден дауыс беретін адамдардың өтінімдері қабылданды. Жиырма шақты адам үйден даусын береді, — дейді №523 сайлау учаскесінің төрағасы Асылай Абжанова.
Саяси маңызы бар таңдауда ғимарат ішінде патриоттық әндер шырқалып, дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатыр.
— Өзім бұрын сайлау учаскесінде жұмыс жасадым. Елімнің ертеңі үшін деп әр сайлаудан қалмауға тырысамын. Бүгін де өзім таңдаған кандидатқа дауысымды бердім, — дейді Байсеуова Гүлфара.
Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Насиба АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button