Жаңалықтар

82 жастағы қария дауыс берді

Аманкөл ауылдық округінің орталығы Құтикөл ауылының ең жасы үлкен қарты, 82 жастағы еңбек ардагері Марат Төлегенов өз сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
— Бүгін зайыбым екеуміз келіп, өз даусымызды бердік. Біз үшін еліміздің болашағы өте маңызды. Сол үшін осындай шарадан тыс қалғымыз келмейді. Біздің тілегіміз — елдің амандығы, ұрпағымыздың жарқын келешегі. Мен кеңес заманы тұсында осы кеңшарда 40 жылдан астам уақыт комбайн, трактор жүргіздім. Қазір сол еткен еңбегімнің зейнетін, бала-шағамның қызығын көріп отырмын. Зайыбым екеуміз 7 баладан 23 немере, 6 шөбере сүйіп отырмыз, — дейді қария.
Құтикөл ауылындағы №235 сайлау учаскесінде 520 сайлаушы бар.
Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Самат Дүкенбаевтың айтуынша, таңғы 7-ден бері сайлаушылардың 70 пайызы өз таңдауын жасаған.
Президент сайлауында Ырғыз ауданында 22 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Оларда жалпы саны 8261 сайлаушы тіркелген. Түске дейін ырғыздықтардың 50 пайыздан астамы дауыс берді.

Данагүл Қазихан,
Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button