Спорт

Сәтті сапар

15 мамырда, жексенбі күні бірінші кезеңнің бірінші айналымы аяқталды.

«Ақтөбенің» Қызылорданы бетке алған сапары сәтті болды. Сәттілігі жеңіске ие болғандығында ғана емес, жерлестеріміз турнир кестесіндегі жағдайын да тым тәуір жақсартып алды, екінші орынға шықты.

Ал нақтылап айтсақ, біздің команда «Қайсарды» 2:0 есебімен ұтты. Бірінші голды Малик Мане 43-минутта соқса, Сергей Лисенков бұл есепті екінші таймның соңында, 90 минутқа қосылған қосымша уақытта еселеді. Қызылордалықтар қатарынан алтыншы рет ұтылды.

Бұған дейін бірінші орында тұрған талдықорғандық «Жетісу» Өскеменде «Востокты» жеңгенде сол биік тұғырынан тапжылмас еді. Олай болмады. Алаң иелері лидерге ерік бермеді. Есеп — 0:0.

Қостанайға барған астаналық «Локомотив» мақсатын орындады. «Тобылды» 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінің бірінші орнын иемденді.

Алғашқы үштікте келе жатқан қарағандылық «Шахтердің» жолы болмады. Алматыда «Қайраттан» 2:1 есебімен ұтылып қалып, төртінші орынға сырғуға мәжбүр болды.

Павлодарда «Ертіс» соңғы бес ойында ұтылмай келе жатқан шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсті — 2:0. Дегенмен ұтқан команда да, ұтылған команда да сол бұрынғы орындарында қалды.

Ал өз алаңында «Атырау» «Таразды» сәл басымдылықпен ұтты — 1:0.

Осымен бірінші айналымның бірінші кезеңінің ойындарына нүкте қойылды.

Футболдан хх чемпионат. Премьер-лига

2011 жылғы 15 мамырдан кейінгі жағдай

Командалар   Ойын  Ұтыс  Тең  Жеңіліс          Доп  Ұпай

 

1. «Локомотив»     11       7        3       1                  15-6      24

2. «Ақтөбе»            11       7        2       2                  17-7      23

3. «Жетісу»            11       6        4       1                  18-7      22

4. «Шахтер»           11       6        2       3                  17-9      20

5. «Ертіс»               11       6        2       3                  19-13     20

6. «Ордабасы»       11       5        1       5                  12-9      16

7. «Атырау»           11       3        5       3                  9-10      14

8. «Тобыл»             11       3        2       6                  16-16    11

9. «Қайрат»            11       3        2       6                  10-18    11

10. «Тараз»             11       3        0       8                  6-15      9

11. «Восток»          11       1        5       5                   8-19     8

12. «Қайсар»          11       1        2       8                   5-23     5

Матчтар статистикасы

 

Енді бірінші кезеңнің бірінші айналымының қорытындысына байланысты статистикалық деректерге көз жүгіртейік.

 

Алаң иелерінің басымдығы

 

Бұл кезеңде 66 матч өтті. 33 матчта алаң иелері жеңіске жетсе, 18 рет қонақтар басымдық танытты. 15 матч тең аяқталды.

 

152 гол

 

66 матчта барлығы 152 гол соғылды. Алаң иелері 93 рет гол соқса, 59 рет қонақтар мергендік көрсетті.

Гол ең аз соғылған турлар:

 

1-тур. 6 наурыз — 9 доп.

11-тур. 15 мамыр — 9 доп.

 

Гол ең көп соғылған тур:

 

7-тур. 16 сәуір — 18 доп.

 

Мергендер

 

Мергендер тобын 6 доппен ақтөбелік Малик Мане мен Марат Хайруллин бастап келеді. Бұлардан кейінгі мергендердің үлесіне 4 доптан келіп тұр.

 

Ең ірі есептер:

 

7-тур. 16 сәуір

«Восток» — «Ордабасы»: 0:4

8-тур. 24 сәуір

«Локомотив» — «Қайсар»: 5:1

Гол ең көп соғылған матчтар:

 

8-тур. 24 сәуір

«Локомотив» — «Қайрат»: 5:1

9-тур. 30 сәуір

«Шахтер» — «Жетісу: 3:3

 

Ең көп қайталанған есеп — 1:0

 

17 рет қайталанды.

 

Бір-ақ рет кездескен есептер:

 

0:4 — 7-тур. 16 сәуір. «Восток» — «Ордабасы»

5:1 — 8-тур. 24 сәуір. «Локомотив» — «Қайсар»

3:3 — 9-тур. 30 сәуір. «Шахтер» — «Жетісу»

 

Ірі есеппен ең  көп ұтылған команда — «Қайсар»

 

4-тур. 31 наурыз. «Жетісу» — «Қайсар» — 3:0

6-тур. 9 сәуір. «Ертіс» — «Қайсар» — 4:1

7-тур. 16 сәуір. «Қайсар» — «Тобыл» — 0:3

8-тур. 24 сәуір. «Локомотив» — «Қайсар» — 5:1

 

Гол соғылмаған матчтар

Жеті матчта командалар қақпа торын бүлк еткізе алмағандықтан, жанкүйерлер бір де бір голға куә бола алмай, өкінішпен тарқасты:

3-тур. 17 наурыз. «Қайрат» — «Қайсар»

5-тур. 4 сәуір. «Шахтер» — «Локомотив»

8-тур. 24 сәуір. «Тобыл» — «Атырау»

9-тур. 30 сәуір. «Атырау» — «Локомотив»

9-тур. 30 сәуір. «Восток» — «Ақтөбе»

10-тур. 7 мамыр. «Локомотив» — «Ертіс»

11-тур. 15 мамыр. «Восток» — «Жетісу»

Ымырасыз команда

 

«Тараз» командасы 11 турдың ешқайсысында да қарсыластарымен тең ойнап көрген жоқ: 3 рет ұтты, 8 рет ұтылды.

 

«Ақтөбе» жеті рет жеңді

 

1-тур. 6 наурыз. «Ақтөбе» — «Атырау»: 2:0

2-тур. 12 наурыз. «Ертіс» — «Ақтөбе»: 2:3

3-тур. 17 наурыз. «Ақтөбе» — «Тобыл»: 2:1

4-тур. 31 наурыз. «Локомотив» — «Ақтөбе»: 1:0

5-тур. 4 сәуір. «Ақтөбе» — «Ордабасы»: 2:1

6-тур. 9 сәуір. «Тараз» — «Ақтөбе»: 0:2

7-тур. 16 сәуір. «Ақтөбе» — «Жетісу»: 1:1

8-тур. 24 сәуір. «Ақтөбе» — «Шахтер»: 0:1

9-тур. 30 сәуір. «Восток» — «Ақтөбе»: 0:0

10-тур. 7 мамыр. «Ақтөбе» — «Қайрат»: 3:0

11-тур. 15 мамыр. «Қайсар» — «Ақтөбе»: 0:2

 

«Ақтөбе» мергендері соққан голдар:

 

Малик Мане (Сенегал, 22 жаста) — 6

Марат Хайруллин (Ресей, 22 жаста) — 6

Сергей Лисенков (Қазақстан, 19 жаста) — 4

Тити Эссомба (Камерун, 24 жаста) — 1

 

Екінші айналым басталады

 

21 мамыр, сенбі күні бірінші кезеңнің екінші айналымының ойындары басталады.

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды.

Басқа кездесулер:

«Локомотив» — «Тобыл»

«Ордабасы» — «Ертіс»

«Шахтер» — «Қайрат»

«Тараз» — «Атырау»

«Жетісу» — «Восток»

 

УЕФА

20 маусым — бәсекелестер анықталатын күн

 

20 маусымда Қазақстан клубтарының 2011/2012 жылғы Еурокубок турнирлерінде қай командалармен ойнайтындығы белгілі болады.

Яғни УЕФА Чемпиондары лигасы мен Еуропа лигасының бірінші және екінші квалификациялық раундтарында жолығатын клубтарға жеребе тартылады.

Чемпиондар лигасында бақ сынайтын қостанайлық «Тобыл» командасы ел чемпионы ретінде өз кездесулерін екінші раундтан бастайды. Олар өз қарсыластарымен әуелі 12 (13) шілдеде кездесіп, қарымта матчты 19 (20) шілдеде өткізеді.

Ал Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Ақтөбе» мен қола жүлде иегері «Ертіс» Еуропа лигасындағы кездесулерін бірінші раундтан бастап, 30 маусым және 7 шілде күндері ойнайтын болады.

Басы ашылмай тұрған мәселе — ҚР Кубогының иегері «Локомотивтің» тағдыры. УЕФА талабы бойынша Еуропа кубогы ойындарына қатысатын команданың құрылу мерзімі бұл сайысқа қосылар шақта ең кемі үш жылға толуы керек. Міне, «Локомотивтің» аяғына тұсау болып тұрған жай — осы. Расымен де осы тәртіп өзгермейтін болса, онда Еуропа алаңдарына ел Кубогындағы жарыста финалда ойнаған қарағандылық «Шахтер» шығуы мүмкін. Кубок жеңімпаздары үшін екінші квалификациялық раундтан басталатын бұл турнирдің ойындары 14 және 21 шілде күндері өтеді.

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button