Басты жаңалықтар

Облыс әкімі дауыс берді

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз даусын “Геолог” Мәдениет үйінінің ғимаратында орналасқан №550 сайлау учаскесінде берді.
— Бүгін таңғы сағат 7.00-де Ақтөбе облысындағы барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ақтөбеліктердің белсенділігі жоғары. Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Ақтөбеліктер тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі жолында біркісідей дауыс береді деп сенемін, — деп атап өтті Ералы Тоғжанов. Облыс әкімі тіркелген №550 сайлау учаскесінде 2893 дауыс беруші бар.

Оның 8-і – бүгін еліміздің азаматы ретінде алғаш рет өз таңдауын жасайды. Денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беретіндер саны — 6 адам.
Учаскеге өңір басшысымен бір сәтте келген алғаш дауыс берушілер естелік сыйлықты Ералы Тоғжановтың қолынан алды.

Сайлау учаскесі алаңында мерекелік концерт өтіп жатыр. Сондай-ақ арзандатылған бағада ет, азық-түлік өнімдері сатылуда.
Жалпы Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 15 учаске мамандандырылған ұйымдарда, медициналық мекемелер, әскери бөлім, тергеу изоляторында жұмыс істеп тұр.
Әскери бөлімде және вахталық кенттердің жанында орналасқан үш учаскеде сайлау таңғы 6-да басталды. Қалған сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20.00-де аяқтайды.
Облыс бойынша сайлаушылар барлығы 560 819 адам.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button