Жаңалықтар

Ақтөбеде Тәуелсіздік даңғылының төрт жолағы пайдалануға берілді

Ақтөбеде Тәуелсіздік даңғылының төрт жолағы пайдалануға берілді

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Тәуелсіздік даңғылын қайта жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерді. Бүгін мұнда 8 жолақты жолдың бір жақ бөлігі іске қосылды.

Ірі жол жобасы Батыс-2 шағын ауданында 2021 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін ұзындығы 2,3 шақырым жол 8 жолаққа дейін кеңейтіледі.

Қазіргі уақытта жолдың 1,5 шақырымы пайдалануға берілді. Нәтижесінде Ә.Молдағұлова даңғылынан Х.Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы ашылды. Қалған 800 метрді «Ассана ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы келесі жылы аяқтауға міндетті.

Жобаның жалпы құны — 2,7 млрд теңге. Жол жұмыстарына 50-ден астам арнайы техника тартылды.

Айта кетейік, бұл жоба биыл жазда битум тапшылығына байланысты тоқтап қалудың аз-ақ алдында болды.

Облыс әкімі араласқаннан кейін аталған материалмен қамтамасыз ету мәселесі жедел шешілді, бұл мердігерлерге өздеріне алған міндеттемелерін сапалы және белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік берді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button