Жаңалықтар

Ортсайлаком мүшелері жұмыс сапарымен Қарағанды және Атырау облыстарына барды

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде ҚР ОСК мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде өткізілген көшпелі семинар-кеңестер сериясын аяқтады.

Мәселен, а.ж. 16 қарашасында ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Қарағанды облысына, ОСК мүшесі Шавқат Өтемісов 15-16 қарашада Атырау облысына барды.

Өңірлерде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері үшін семинар-кеңестер өткізді.

Семинар аясында аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Ортсайлауком мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.

 

 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Даулат Ешкеев пен облыстық АСК төрағасы Қайрат Нұркеновтың ақпараты бойынша облыстағы сайлаушылар саны – 768 778 адамды құрайды. Облыс аумағында 642 сайлау учаскесі құрылды. Барлық учаскелер жұмыс істеуге дайын, үздіксіз байланыспен, электр энергиясымен, қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Халықтың сайлау белсенділігін арттыру мақсатында өңірдің барлық әкімдіктерінде азаматтарды сайлаушылар тізімінде тексеру үшін Call-орталықтар, жедел желілер құрылды. Сондай-ақ, облыста «Сенім 109» тәулік бойы бірыңғай диспетчерлік қызметі жұмыс істейді. Sailau09.kz арнайы сайт жұмыс істейді, мұнда әрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куәлік нөмірі арқылы дауыс беру үшін өз учаскесін таба алады. Damumed медициналық ұйымдарының қосымшасына сайлауға қатысты ақпараттандыру және сайлаушылар тізімінде өзін-өзі тексеру мүмкіндігі туралы push-хабарламалар енгізілді.

Сайлау процесіне қатысушыларды сайлау кезеңіне дайындау үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы базасында Қарағанды облысы бойынша комиссияның 360 мүшесі кезең-кезеңімен оқытылды. Әрі қарай оқу сайлау комиссияларының төмен тұрған мүшелері үшін каскадты әдіспен жалғасты.

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз ортаның барлық жағдайлары жасалған. Барлық 642 учаске бірінші қабаттарда орналасқан. Көптеген учаскелер пандустармен, тактильді белгілермен жабдықталған. Учаскелерде ым тілі мамандарының кезекшілігі жоспарлануда. Сайлау күні мүгедектігі бар адамдарды сайлау учаскелеріне тасымалдау үшін «Инватакси» қызметі көрсетілетін болады. Барлығы 38 автокөлік іске қосылады.

 

 

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Исаков дауыс беру күні өңірде 261 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін хабарлады. Дауыс беру кезінде ерекше жағдайлар қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылар саны – 1 959. Облыста мүгедектігі бар сайлаушылар үшін жағдай жасау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі облыстық Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері қаралды, онда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және осы бағыт бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің мүшелері қоғамдық бірлестіктердің, уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп сайлау учаскелерінің сайлау науқанына дайындығын тексерді. Осылайша, барлық сайлау учаскелері пандустармен және тактильді жолақтармен, арнайы бұрыштармен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сайлау күні кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін 52 инватакси жұмысы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында халықаралық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығы ашылғанын хабарлады. Орталықтың негізгі мақсаты: халықаралық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өңір туралы ақпараттық кеңестер беру, кеңселік техникалық-құрал жабдықтар, интернет байланысымен көмектесу және аудармашылық қызметтер көрсету болып табылады. Орталықта ағылшын, неміс, француз тілдерінде қызмет көрсететін 6 волонтер жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге Атырау облысына келген 3 ұзақ мерзімді халықаралық байқаушылар (2 – ЕҚЫҰ, 1 – ТМД) орталық жұмыстарымен танысқан.

Сайлау комиссиялары мүшелері үшін 2022 жылғы 3-28 қазан аралығында оқыту семинарлары ұйымдастырылды, каскадтық әдіспен оқытуда барлық 1966 комиссия мүшелері қамтылған. Осы кезеңде сайлау комиссиялары өкілдері,  қоғамдық бірлестіктер, мүгедектігі бар сайлаушылар, жастар өкілдері, полиция, мемлекеттік органдар өкілдері үшін 377 семинарлар өткізілді.

Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтында сайлаушылар тізімінде болуды іздеу қызметі жасақталып, Telegram bot іске қосылды. Бұдан басқа, азаматтардың тіркелген мекен-жайын анықтау үшін ҚР Цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, қала және аудандарда 165 сайлау учаскелерінде сервистік орталықтар ашылды. Облыста 8 Call-орталықтарының және 109 бірыңғай байланыс нөмірі іске қосылып, тұрғындарға анықтамалық ақпараттар және консультативтік көмек берілуде.

Өңірде ҚР Президентін сайлау туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, өңірлік теледидарда, интернет-ресурстарда, баспа БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кең ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде демонстрациялық экрандарда сайлау туралы бейнероликтер үнемі көрсетіледі.

Семинар-кеңестер бағдарламасының екінші бөлімінде ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренинг өткізілді.

 

 

Дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша сайлау комиссиялары мүшелерінің практикалық дағдылары, оның ішінде дауыс беру күніне сайлау учаскесін дайындау, сайлау бюллетеньдерін беру, үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған сайлау жәшіктерін сүйемелдеу, дауыстарды санау алгоритмі, дауыс беру қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу және т.б. тексерілді.ОСК-ның басқа мүшелері сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-қимыл алгоритмі бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырудағы басты міндет оның ашықтығын қамтамасыз ету екенін еске салды.

Өткізілген семинар-кеңестердің қорытындысы бойынша Ортсайлауком  мүшелері сайлау комиссиялары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

election.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button