Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге кеңес береді

Ашық есік күні

17 қарашада «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында ашық есік күні өтеді.
Бұл күні кәсіпкерлер мемлекеттік органдар — мемлекеттік кірістер департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі, «Даму» қоры АҚ филиалы, Аграрлық несие корпорациясы өкілдерінен тегін кеңес алады.
Кәсіпкерлердің проблемалық сұрақтарына прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер мен медиаторлар да жауап береді. Онда негізінен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою мәселелеріне қатысты сұрақтар қаралады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының білікті мамандары да өз ісін жүргізудің барлық бағыттарын түсіндіріп, кеңес береді. Шара «Бизнесті қорғау экожүйесі» жобасы аясында жүргізіліп жатыр.
Ашық есік күні облыстық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында, яғни Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, «Қазына» БО-ның 1-қабатында сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button