Пікір

 «Мен жастарға сенемін…»

Самғат АРТЫҒАЛИН,

 Мәртөк аудандық жастар

 ресурстық орталығының басшысы.

Әр жас 18-ге толғанда дауыс беру құқығына ие болады. Елдің болашағына, тағдырына қатысты шешім қабылдар тұста, жастар да мұндай мемлекеттік маңызы бар науқаннан қалыс қалғысы келмейді. Қарашаның 20-сы күні болатын Президент сайлауы барша қазақстандықтардың ортақ мүддесін айқындайтын сәт. Елімізде жастарға көңіл бөлініп, көптеп қолдау көрсетіліп жатыр. Әлем елдерінің арасында болып жатқан қақтығыстар мен соғыстар бізді айналып өтті. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, біздің елді бейбітшілік пен тұрақтылық мекені деп таниды. Бізде талантты, талапты, дарынды жастар көп. Жастарды қолдау, кәсіпкерлікке баулып, білім гранттарын да көп бөлуы біз қызмет ететін елдің ертеңгі көрінісі болмақ. Сондықтан бүгінгінің жастары елдің болашағын айқындайтын сайлауға бей-жай қарамайтына сенемін. Жалынды жастар мен белсенді замандастарымды Жаңа Қазақстанды құру жолында ел тізгінін ұстайтын көшбасшыны анықтап,дауыс беруге шақырамын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button