Жаңалықтар

Бейнекамералар орнатылып жатыр

Таза қала

Қалалық әкімдік Ақтөбе аумағындағы 188 қоқыс алаңына бейнекамера орнату жұмыстарын бастады. Бұл туралы бізге қалалық ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы Аманат Рахымов айтып берді.

— Біздің мақсат — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» тұжырымдамасы негізінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, қала тазалығына, абаттандыруға үлес қосу.Бүгінгі таңда 25 қоқыс алаңына бейнекамералар орнатылып, мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бейнекамералардыоблыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығы бақылайды. Қала тұрғындары құрылыс және габаритті емес қоқыстарды қоқыс алаңдарының артына, жанына немесе қоқыс алаңына жеткізбей шашып кететін болса, бейнекамераларға жүргізілген мониторинг аясында бұзушылық жасаған кісі анықталатын болады, — дейді Аманат Рахымов.

Ал қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғындарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің» 505-бабына сәйкесескерту жасалып, айыппұл салынады. Мәселен, жеке тұлғаларға— 61 260 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға— 91 890 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 122 520 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Сонымен қатар мердігер мекемелердің қоқыс жинауына қатысты да мониторинг жасалатын болады.

Аманат Рахымовқала тазалығы әр адамның ұяты мен жауапкершілігіне байланысты екенін айтып, қала тұрғындарын қаламыздың тазалығына, абаттандырылуына үлес қосуға шақырды.

Р.S.Тазалықты қадағалау үшін бейнекамералар орнатылып жатыр. Сонда қала тұрғындарының қоқыс төгіп жатқанын камерамен бақылайтындай мәдениетіміз өте төмен деңгейде болып тұрғаны ғой… Өкінішті…

Расында, тұрғындардың кейбірі үйінен алып шыққан пакетті есік алдындағы қоқыс жәшігіне тастап кетсе, енді бірі сынып қалған теледидарын, бірі істен шыққан тоңазытқышын контейнер маңына қойып кететінін қайтерсің. Осындай тәртіпсіздіктерді осылай реттеп алу қажет шығар, бәлкім?..

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button