Спорт

Мемлекеттік қызметкерлер жарысы

Спартакиада

Ақтөбеде еліміздегі Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтіп жатыр.

Облыстық мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырған спорттық шараның алғашқы күні шахмат, дойбы және үстел теннисі ойындарымен басталды. Бұл күнгі сайысқа облыстық қазынашылық, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінен құрылған командалар қатысты.

Шахмат ойынында облыстың қазынашылық департаментінің қызметкерлері шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды облыстың мемлекеттік кірістер және ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің командалары иеленді.

Дойбыдан бірінші орынға облыстың мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері ие болды. Одан кейінгі жүлделі орындарға облыстың ішкі мемлекеттік аудит және Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің командалары жайғасты.

Ал үстел теннисінен тағы да облыстың қазынашылық департаментінің қызметкерлері мықтылық танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, үшінші орынға Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ие болды. Жарыста спорттың екі түрінен жеңіске жеткен қызметкерлерін қолдап келген облыстық қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Мыңбаев ұйымдастырушылар мен әріптестерін Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен және қаржыгерлер күнімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Спартакиада осы апта бойы жалғасады. Аталған департамент қызметкерлері енді волейболдан, шағын футбол, бильярд түрлерінен бақтарын сынамақ.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімің басшысы Дәурен Алматовтың айтуынша, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 15 қараша — қаржыгерлер күніне орайластырылған салтанатты шарада марапатталады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button