Жаңалықтар

Ойылдағы кездесу

Заң керуені

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында «Заң керуені» республикалық акциясы бастау алған болатын. Осы орайда ауданымызға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құрылған арнайы топ өкілдері келді.

Аталған акция негізінде құрылған мобильді топ құрамында облыс прокурорларымен бірге облыстық полиция департаменті, облыстық денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері бар. «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өткен кездесуге мекеме басшылары, ардагерлер, аудан тұрғындары қатысты.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Қуандық Рахметов бастаған заңгерлер акцияның маңызын түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаевтың айтуынша, ауданда былтырға қарағанда құқықбұзушылық 34 пайызға азайған.

Акцияның аты айтып тұрғандай, заң аясында түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Аудан тұрғындарына құқықтық, заңгерлік кеңес береміз. Шешімін таппай жүрген сұрақтарыңызға сіз бен біз болып бірлесіп жауап беруге тырысамыз, — деп түсіндірдіоблыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Қонақбаев.

«Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының директоры Алтай Оразбағамбетов ойылдықтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ақсұлу Жұбаназарова қыркүйектен бастап енгізіліп жатқан отбасылық цифрлық карта туралы айтып, әлеуметтік көмек пен қызмет түрлерінің бірте-бірте жүзеге асатынын баяндады.

Жиын соңында мамандар жеке қабылдау өткізді.

Гаухар АЛЕКСЕЕВА,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button