Ақтөбе қаласы азаматтарының назарына!

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалада 162 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтінін еске салады. Сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы 2022 жылғы 1 қазанда №116 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Азаматтардың тізімдеріне тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі. Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында азаматтардың тізімдерімен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ азаматтардың тізімдерінде азаматтарды тексеру және сайлау учаскелерінің орналасқан жерін нақтылау мәселелері бойынша барлық қажетті кеңестер берілетін call-орталық жұмыс істейді.
Call-орталықтың жұмыс уақыты — демалыссыз, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, телефон нөмірі: 44-55-66, электронды пошта:aktobe@akto.kz.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғындары t.me/Akimat04botTelegram мессенджерінде өздерінің сайлау учаскесін нақтылай алады.
Құрметті азаматтар, сіздерді сайлауға белсене қатысуға шақырамыз!
Біз үшін бәрінің дауысы маңызды!
1-қосымша
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақыты белгіленген сайлау учаскелерінің тізбесі
№
|
Сайлау учаскесініңнөмірі
|
Орналасқан жері |
Дауыс беруді
Бастау уақыты (алты сағаттан ерте емес) |
Дауыс беруді
аяқтау уақыты (жиырма екі сағаттан кешіктірмей) |
Учаскедегі сайлаушы-лар саны | Ескертпе (шешім қабылдау үшін негіз) |
Ақтөбе қаласы | ||||||
1. | №87 | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655-әскери бөлімі» РММ, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 39А | 06.00 | 11.00 | 770 |
2-қосымша
Ақтөбе қаласы бойыншадауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін,
азаматтар уақытша болатын орындардағы сайлау учаскелерінің тізбесі
(Сайлау туралы КЗ 38-бабының 3-тармағы)
№
|
Сайлауучаскесініңнөмірі |
Орналасқан жері |
Учаскедегі сайлаушылар саны | Ескертпе |
Ақтөбе қаласы | ||||
1. | №74 | Ақтөбе қаласының полиция басқармасының әкімшіліктәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдағыш,
Ақтөбе қаласы, Нағым Қобландин көшесі, 25 |
100 | |
2. | №79 | «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» МКК, Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 1А | 120 | |
3. | №80 | «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК
Ақтөбе қаласы, Оңтүстік-Батыс-1 тұрғын үй алабы, Промзона кварталы, 471В |
65 | |
4. | №81 | «Облыстық тері-венерология диспансері» МКК, Ақтөбе қаласы,
Шернияз Жарылғасұлы көшесі, 59 |
20 | |
5. | №82 | «Апаттар медицинасының теміржолдар госпиталі» АҚФ – Ақтөбе теміржол ауруханасы,Ақтөбе қаласы, ХиуазДоспанова көшесі, 36 | 115 | |
6. | №83 | «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» МКК,
Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 43 |
80 | |
7. | №84 | «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК, Ақтөбе қаласы, В.И.Пацаев көшесі,7 | 100 | |
8. | №85 | М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің медицина орталығы,Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, 8 | 105 | |
9. | №86 | «Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансері» МКҚК,
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, 322 |
30 | |
10. | №87 | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655-әскери бөлімі» РММ,
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 39А |
770 | |
11. | №88 | «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК,
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, 8Е |
100 | |
12. | №89 | «КА-168/1 мекемесі» РММ,
Ақтөбе қаласы, Павлов көшесі, 3 |
300 | |
13. | №125 | «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Ақтөбе қаласы, Нефтянников көшесі, 25 | 183 | |
14. | №529 | «Қарғалы қалалық ауруханасы» МКК,
Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы, Ә.Құрғұлов көшесі, 19 Б |
100 |