Білім

Жас мұғалімдер форумы өтті

Форум

Ақтөбе қаласындағы NIS-те «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық форумы ұйымдастырылды.

Зияткерлік мектеп пен Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбедегі филиалдары бірлесіп жасаған бұл шараға облыстың жетекші мектептерінен 130-дан астам мұғалім қатысты. Жас мамандар форум барысында тақырыптық және шығармашылық алаңдарда шеберлік кластарға, оқыту, психологиялық тренингтерден өтіп, практикалық құнды ақпарат алды.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова форумды ашып, мұғалімнің миссиясы мен сол мамандықтың құндылығына тоқталып, жас педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында сөз сөйледі.

Форумның арнайы қонағы — TeDXтің бірінші спикері «Ақбөбек» халықаралық мектебінің құрылтайшысы, Ақтөбе облысы бойынша іскери әйелдер аймақтық кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мұғалімдерді өзіндік мақсат қоюға ынталандырды.Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов жастарға осы кезден мықты қырларын анықтап, оларды дамытуға басымдық беріп, дарындылық пен қабілеттерді анықтауға арналған Gall-up тестін өтуді ұсынды.

Ақтөбедегі Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Тауиля Акимова тамыз айында тұңғыш рет өткен Елордадағы Жастар форумы туралы айтса, Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас ұстазы, әрі алғашқы түлегі Райымбек Тұрсынбаев жазғы форум туралы өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ ол республикалықфорумның барлық облыста жалғасын тапқанына өте қуанышты екенін атап айтты.

Шараның келесі бөлімінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері оқыту мәселелерін талқылады. Форум одан әрі практикалық бөлімге жалғасты.

Жас мамандар педагогтің тұлғалық және кәсіби дамуы мен проблеманы шешу қабілетін шыңдау мақсатында хореография, нейрографика және шебер қолдар бөлімдері бойынша Active Spot креативтілік алаңына шақырылды.Әр қатысушы өзін, өзінің сезімі мен ішкі жағдайын шығармашылық арқылы көрсете алды.

Lesson Study бойынша өткізілген «Зерттеуді болмайды зерттемеуге» атты педагогикалық батл форумның ең әсерлі пікірталас алаңына айналды.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button